Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекенінің шекарасы 77,0 гектарға ортақ пайдаланудағы жайылым 0,2088 гектар жер қосылып, елді мекеннің аумағы 77,2088 гектарға ұлғайтылып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т.Телғараев
Аудандық мәслихат хатшысы
У.Копеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.