Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 желтоқсан 2023 ж.

    Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса берілген Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары белгіленсін.

    2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішіндеосы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

    Е. Досаев

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2016 жылғы 29 ақпандағы

    № 114 бұйрығына

    қосымша

    Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары

    1-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрындағы ақпаратты есепке алу (тіркеу, деректерді енгізу)

    р/с
    Ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Ба­ға­сы, тең­ге (қо­сым­ша құн са­лы­ғын есеп­ке ал­май)
    1
    Жо­ба­лау ал­дын­да­ғы және жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы
    объ­ект
    3 478
    2 Ин­же­нер­лік-гео­де­зи­я­лық із­де­ні­стер ма­те­ри­ал­да­ры (то­по­гра­фи­я­лық және ат­қа­ру­шы­лық тү­сі­рі­лім)1
    2.1
    жа­у­ап­кер­ші­лік­тің III (тө­мен­де­ті­л­ген) дең­гей­ін­де­гі объ­ек­ті­ле­рі
    га
    6 480
    2.2
    тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі емес, жа­у­ап­кер­ші­лік­тің II (қа­лып­ты) дең­гей­ін­де­гі объ­ек­ті­лер
    8 594
    2.3
    тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі, жа­у­ап­кер­ші­лік­тің I (жо­ға­ры) және II (қа­лып­ты) дең­гей­ін­де­гі объ­ек­ті­ле­рі
    10 916
    2.4
    тех­но­ло­ги­я­лық күр­де­лі объ­ек­ті­лер­дің
    13 486
    *Ес­керт­пе:
    1) объ­ек­ті­лер­ді тех­ни­ка­лық және (неме­се) тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жат­қы­зу Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды тех­ни­ка­лық және (неме­се) тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жат­қы­зу­дың жал­пы тәр­ті­бін ай­қын­дау қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес ай­қын­да­ла­ды (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 165 бұй­ры­ғы).
    2) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­ды мем­ле­кет­тік қа­ла құ­ры­лы­сы ка­даст­рын жүр­гі­зу және ин­же­нер­лік-гео­де­зи­я­лық із­де­ні­стер жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тер­дің ере­же­ле­ріне сәй­кест­ікке тал­дау, мем­ле­кет­тік қа­ла құ­ры­лы­сы ка­даст­ры­ның ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де (бұ­дан әрі – МҚҚК ААЖ) ке­ңі­стіктік бай­ла­ны­сты­ру­ды жү­зе­ге асы­ру.
    3) тір­кеу тәр­ті­бі Қа­ла құ­ры­лы­сы жо­ба­ла­рын, жо­ба­лау ал­дын­да­ғы және жо­ба­лау (жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­сын, сон­дай-ақ сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті объ­ек­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік қа­ла құ­ры­лы­сы ка­даст­ры­ның де­ректер ба­за­сын­да тір­кеу қа­ғи­да­ла­ры­на (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өңір­лік да­му ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 16 мау­сым­да­ғы № 172/НҚ бұй­ры­ғы) сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер ұсыну
    Ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Ба­ға­сы, тең­ге (қо­сым­ша құн са­лы­ғын есеп­ке ал­май)
    1
    МҚҚК ААЖ-дан жо­ба­лау ал­дын­да­ғы және жо­ба­лау құ­жат­та­ма­ла­ры бой­ын­ша мә­лі­мет­тер бе­ру
    объ­ект
    1 222
    2
    МҚҚК ААЖ-дан ин­же­нер­лік же­лі­лер­дің, ғи­ма­рат­тар­дың және (неме­се) құ­ры­лы­стар­дың нақ­ты ор­на­ла­су схе­ма­сын ұсы­ну (үзін­ді кө­шір­ме)
    га
    12 217
    3
    Бе­кі­ті­л­ген қа­ла құ­ры­лы­сы жо­ба­ла­ры­нан (БЖ, ЕТ­ЖЖ) ка­дастр­лық жос­пар­ды жа­сау және бе­ру
    объ­ект
    2 068
    4
    МҚҚК ААЖ ар­қы­лы ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­ға қол же­тім­ді­лік­ті бе­ру:
    Бір пай­да­ла­ну­шы­ның қол­же­тім­ді­лі­гі (ай)
    -
    4.1
    ше­ка­ра­лар­да­ғы бар­лық ақ­па­рат­тық қа­бат­тар­ға (ашық де­ректер):
    -
    бір ел­ді ме­кен­нің;
    1 560
    рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар ел­ді ме­кен­нің және аста­на­ның;
    2 079
    4.2
    ше­ка­ра­лар­да­ғы бір ақ­па­рат­тық қа­бат­қа:
    -
    бір ел­ді ме­кен­нің;
    1 040
    рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар ел­ді ме­кен­нің және аста­на­ның.
    1 560
    Ес­керт­пе:
    1) МҚҚК ААЖ ба­за­сы­нан аумақ­тың ка­дастр­лық жос­па­ры мен схе­ма­ла­ры ба­стап­қы ко­ор­ди­нат­тар жүй­е­сін­де­гі dwg-файл неме­се shp-файл фор­ма­тын­да ұсы­ны­ла­ды. Ба­стап­қы ко­ор­ди­нат­тар жүй­е­сін­де shp-файл фор­ма­тын­да­ғы схе­ма­лар­ды дай­ын­дау құ­ны 1,2 ко­эф­фи­ци­ен­ті­мен осы кесте­нің ба­ға­ла­ры бой­ын­ша ай­қын­да­ла­ды;
    2) МҚҚК ААЖ-дан мә­лі­мет­тер­ді бе­ру тәр­ті­бі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қа­ла құ­ры­лы­сы ка­даст­рын жүр­гі­зу­дің және одан ақ­па­рат және (неме­се) мә­лі­мет­тер ұсы­ну­дың қа­ғи­да­ла­ры­на (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 20 на­уры­зда­ғы № 244 бұй­ры­ғы) сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3) ақ­па­рат­тық қа­бат­тар Мем­ле­кет­тік қа­ла құ­ры­лы­сы ка­даст­рын жүр­гі­зу бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тік құ­жат­қа сәй­кес ай­қын­да­ла­ды (ҚР ИИДМ ҚТҮК­ШІК тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 2 қа­ра­ша­да­ғы № 201-НҚ бұй­ры­ғы);
    4) Ақ­па­рат ұсы­ну және МҚҚК ААЖ қа­бат­та­ры­на қол­же­тім­ді­лік бе­ру «Мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3-тарау. Инженерлік коммуникацияларды түгендеу
    р/с№
    Жұ­мыстар­дың ата­уы
    Күр­де­лі­лік са­на­ты1, тең­ге/га (қо­сым­ша құн са­лы­ғын есеп­ке ал­май)
    1
    2
    3
    1
    1:500 мас­шта­б­ты жос­пар­ды құ­ра оты­рып, құ­ры­лыс са­лын­ған аумақ­тар­да­ғы же­ра­с­ты және же­рү­сті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­рын тү­ген­деу
    29 167
    45 350
    77 152
    2
    1:500 мас­шта­б­ты жос­пар­ды құ­ра оты­рып, құ­ры­лыс са­лын­ба­ған аумақ­тар­да­ғы же­ра­с­ты және же­рү­сті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­рын тү­ген­деу
    6 962
    12 420
    17 124
    Ес­керт­пе:
    1) тү­ген­де­удің күр­де­лі­лік са­на­ты­ның си­патта­ма­сы:
    Құ­ры­лыс са­лын­ған аумақ­тар:
    1 са­нат
    аху­а­лы қа­ра­пай­ым/құ­ры­лы­сы си­рек, аз­дап же­ра­с­ты ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры, рельс жол­да­ры, же­ке тұр­ған аға­шта­ры­мен кө­гал­да­ры бар ел­ді ме­кен­дер, кө­лік пен жа­яу жүр­гін­ші­лер қоз­ға­лы­сы ба­яу;
    қа­ра­пай­ым кон­фи­гу­ра­ци­я­лы құ­ры­лыс са­лын­ған, же­ра­с­ты және же­рү­сті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­ның си­рек же­лі­сі, отыр­ғы­зы­л­ған ша­ғын ек­пе­ле­рі мен аху­ал­дың бас­қа эле­мент­те­рі бар ора­мі­ші­лік аумақ­тар.
    2 са­нат
    ор­та­ша күр­де­лі аху­а­лы/ор­та­ша құ­ры­лыс са­лын­ған, жос­пар­ла­удың күр­де­лі кон­фи­гу­ра­ци­я­сы, же­ра­с­ты және же­рү­сті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­ның, рельс жол­да­ры­ның да­мы­ған же­лі­сі, аға­шта­ры мен кө­гал­да­ры бар ел­ді ме­кен­дер, кө­лік және жа­яу жүр­гін­ші­лер қоз­ға­лы­сы қар­қын­ды;
    қа­ра­пай­ым кон­фи­гу­ра­ци­я­лы құ­ры­лыс са­лын­ған, же­ра­с­ты және же­рү­сті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­ның да­мы­ған же­лі­сі, ша­ғын аға­шта­ры неме­се же­ра­с­ты және же­рү­сті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­ның си­рек же­лі­сі және кө­пте­ген аула құ­ры­лы­ста­ры, қор­ша­у­ла­ры, аға­шта­ры бар тығ­ыз құ­ры­лыс са­лын­ған ора­мі­ші­лік аумақ­тар.
    3 са­нат
    аху­а­лы күр­де­лі, же­ра­с­ты, жер­бе­ті және же­рү­сті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­ның тығ­ыз же­лі­сі, рельс жол­да­ры, кө­гал­да­ры мен аға­шта­ры көп ел­ді ме­кен­дер, кө­лік және жа­яу жүр­гін­ші­лер қоз­ға­лы­сы өте қар­қын­ды неме­се та­у­лы жер­лер­де (ку­рорт­тық қа­ла­лар, та­у­лар­да­ғы қа­ла­лар) тығ­ыз құ­ры­лы­сы, өте күр­де­лі ор­на­ла­суы неме­се ша­шы­раң­қы құ­ры­лы­сы бар ша­ғын қа­ла­лар;
    күр­де­лі кон­фи­гу­ра­ци­я­лы тығ­ыз құ­ры­лы­сы, кө­пте­ген ғи­ма­рат­тар, қор­ша­у­лар, аға­штар, же­ра­с­ты және жер үсті ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­ның тығ­ыз же­лі­сі бар ора­мі­ші­лік аумақ­тар.
    Құ­ры­лыс са­лын­ба­ған аумақ­тар:
    1 са­нат
    тө­бе­лер және шо­қы­лар­мен оқ­ша­у­лан­ған жы­ра­лар және сай­лар­мен аз­дап қиы­лы­с­қан, өсін­ді­лер­сіз си­рек абат­тан­ды­ры­л­ған ор­ман­мен неме­се си­рек бұ­та­лы то­ғай­мен көм­ке­рі­л­ген қо­лай­лы бе­дер­лі жа­зық жер; кон­тур­лар­дың са­ны ша­ма­лы;
    ай­қын көр­се­ті­л­ген кон­тур­ла­ры­ның ша­ғын са­ны­мен ірі бе­дер­лі ны­сан­да­ры­мен ашық адыр­лы жер;
    ағы­сы, ар­на­сы мен тар­ма­ғы аз ашық өзен жай­ыл­ма­сы, бат­па­ғы өту­ге оңай; си­рек арық­тар же­лі­сі бар су­ар­ма­лы мау­сым­дық да­қыл­дар­дың ашық учас­ке­ле­рі.
    2 са­нат
    жы­ра­лар және сай­лар­мен қиы­лы­с­қан, кей жер­де өсін­ді­ле­рі бар ор­ман­ды ал­қап­тар­мен неме­се тығ­ыз бұ­та­лар­мен көм­ке­рі­л­ген жа­зық жер, кон­тур­лар са­ны ор­та­ша;
    бе­де­рі­нің ірі ны­сан­да­ры бар, өсін­ді­сі неме­се бұ­та­сы жоқ си­рек ор­ман­мен көм­ке­рі­л­ген адыр­лы жер, кон­тур­лар са­ны ор­та­ша; ор­та­ша күр­де­лі бе­дер­лі және кон­тур­ла­ры аз ашық та­у­лы жер;
    өзен­нің жай­ыл­ма­сы жар­ты­лай жа­бық, жар­ты­лай бат­пақ­ты, ағы­сы, ар­на­сы мен тар­ма­ғы аз; бат­па­ғы өту­ге ор­та­ша;
    арық­тар­дың же­лі­сі бар су­ар­ма­лы мау­сым­дық да­қыл­дар­дың жар­ты­лай жа­бық учас­ке­ле­рі және бақ­тар мен жү­зім­дік­тер алып жа­тқан жа­зық аумақ­тар.
    3 са­нат
    жы­ра­лар және сай­лар­мен ед­әу­ір қиы­лы­с­қан, бұ­та­ла­ры бар тығ­ыз ор­ман бас­қан, жа­зық неме­се адыр­лы жер;
    то­лы­ғы­мен су­лы-бат­пақ­ты, үй­ін­ді­лер және құ­ла­ған аға­шта­ры бар ор­ман­мен көм­ке­рі­л­ген, шөп бас­қан, бат­пақ­ты жер; күр­де­лі бе­дер­лі шөл­ді аудан­дар;
    күр­де­лі бе­дер­лі ны­сан­да­ры бар ор­ман­ды та­у­лы ай­мақ; тау бет­кей­ле­рін­де­гі бақ­тар мен жү­зім­дік­тер­дің аумақ­та­ры;
    күр­де­лі май­да бе­дер­лі өзен жай­ыл­ма­сы, то­лы­ғы­мен шөп бас­қан, кө­пте­ген ағы­сы, ар­на­сы мен тар­ма­ғы бар, бат­пақ­ты; бат­па­ғы өту­ге қиын; арық­тар­дың тығ­ыз же­лі­сі бар су­ар­ма­лы мау­сым­дық да­қыл­дар­дың (бақ­тар­дың) жа­бық учас­ке­ле­рі.
    2) Ин­фра­құ­ры­лым­дық де­ректер­ді жа­ңар­ту осы кесте­нің ба­ға­сы­на сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді;
    3) Мем­ле­кет­тік қа­ла құ­ры­лы­сы ка­даст­ры­ның де­ректер ба­за­сы­на гра­фи­ка­лық және ат­ри­бу­тив­тік ақ­па­рат­ты (цифр­ла­уды) ен­гі­зу нәти­же­сін­де Мем­ле­кет­тік қа­ла құ­ры­лы­сы ка­даст­рын жүр­гі­зу жө­нін­де­гі бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тік құ­жат­қа сәй­кес құ­ры­лы­стар­дың, абат­тан­ды­ру­дың және бар­лық ин­же­нер­лік, кө­лік ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­ның ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­тық қа­бат­тар­ды қам­ти­тын 1:500 мас­шта­б­та­ғы ел­ді ме­кен­дер­дің цифр­лық элек­трон­дық кар­та­сы құ­ры­ла­ды (ҚР ИИДМ ҚТҮК­ШІК тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 2 қа­ра­ша­да­ғы № 201-НҚ бұй­ры­ғы).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.