Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының ұсынысы бойынша Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 119 «Бақты ауылдық округінің аумағында шектеу-іс шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3779 тіркелді, 2016 жылғы 14 мамырда аудандық «Қарқаралы» газетінің № 39-40 (11474) санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Ильдебаевқа жүктелсін.
Қарқаралы ауданының әкімі
К. Максутов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.