«2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 (нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 4 ақпанда № 4389 нөмірімен тіркелген; 2016 жылғы 24 ақпандағы № 19 «Бесқарағай тынысы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол койылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Тоқсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.