«2015 жылға Бесқарағай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 114 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2015 жылға Бесқарағай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 114 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3912 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Тоқсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.