Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 421 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 421 қаулысы (нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 30 қазандағы № 3521 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 3 желтоқсанда «Бесқарағай тынысы» газетінің № 97 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Н. Сыдықов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.