Әкімдіктің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
А. Мұхамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.