Бірыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерiн белгiлеу туралы
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 422 - бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметiн Сырдария ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Сырдария аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
«Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы №361 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда №10-8-161 болып тіркелді, «Тіршілік тынысы» газетінде 2012 жылғы 09 қаңтарда №2 жарияланған);
«Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу обьектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының №361 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық 2012 жылғы 27 маусымдағы №59 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 шілдеде №10-8-180 болып тіркелді, «Тіршілік тынысы» газетінде 2012 жылғы 21 шілдеде №62 жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезекті 4 сессиясының төрағасы:
О.Сейтмуратов____________
Аудандық мәслихаттың хатшысы:
Е.Әжікенов_____________
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер
комитетi Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң
Сырдария ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер басқармасы»
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнің басшысы
М.Абдықалықов________________
29 шілде 2016 жыл
Сырдария аудандық мәслихатының
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 48 шешiмiне қосымша
Қызметiн Сырдария ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерi
|
№
|
Салық салу обьектiсiнiң атауы
|
Тiркелген салықтың базалық мөлшерлемелерiнiң ең төменгi мөлшерi
(айлық есептiк көрсеткiш)
|
|
1
|
2
|
3
|
|
1
|
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
|
2
|
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
|
3
|
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
|
1
|
|
4
|
Ойын жолы
|
5
|
|
5
|
Карт
|
2
|
|
6
|
Бильярд үстелi
|
3
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.