«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы №344 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы №344 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда №5271 болып тіркелді, «Тіршілік тынысы» газетінің 2015 жылғы 31 желтоқсанда №101 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
3-тармақтың 3), 12) - тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«3) ең төмен күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті » Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;» ;
«12) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Сырдария аудандық бөлімшесі; »;
7-тармақтың 14-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«14) әлеуметтiк тұрғыдан халықтың осал топтарынан бiлiм алушы студенттер, атап айтқанда:
бала кезiнен мүгедектер, мүгедектер;
жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;
көп балалы отбасылардың балалары;
ата-анасының екеуi де зейнеткер болып табылатын балалар;
ата-анасының бiреуi немесе екеуi I және II топтағы мүгедек болып табылатын балалар;
оралмандардың отбасылары.»;
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Орта білім алғаннан кейін «Бакалавр» академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған «Магистр» академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті 4 сессиясының төрағасы:
О.Сейтмуратов____________
Аудандық мәслихаттың хатшысы:
Е.Әжікенов_____________
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ М.Дельмұханов
«29» шілде 2016 жыл.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.