Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2016 жылғы 07 шілдедегі № 230 ұсынысы негізінде Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі Молодежный селосының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі
Т. Мұхамадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Зеренді
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
К. Аманов
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Ақмола облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Зеренді аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж. Мақанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.