Саран қаласы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджет және республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, Саран қаласы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Блокқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласы әкімінің м. а.
М.Кожухов
Cаран қаласы әкімдігінің
2016 жылғы « 28 » шілде
№ 30/04 қаулысына
қосымша
Саран қаласының 2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы мемлекеттік білім беру тапсырысы
|
Айына бір тәрбиеленушіге, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге
|
|||||
|
Балалар бақшасы, бөбекжай
|
Шағын орталықтар
|
||||
|
республикалық бюджет
|
жергілікті бюджет
|
республикалық бюджет
|
жергілікті бюджет
|
||
|
12083
|
10459
|
8778
|
5490
кестенің жалғасы:
|
||
|
Тәрбиеленушілер саны, адам
|
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны, теңге
|
Ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері, теңге
|
|||
|
Балалар бақшасы, бөбекжай
|
Шағын орталықтар
|
Балалар бақшасы, бөбекжай
|
Шағын орталықтар
|
Балалар бақшасы
3 жасқа дейінгі балалар
|
Балалар бақшасы
3 жастан
7 жасқа дейінгі балалар
|
|
1553
|
170
|
22542
|
14268
|
8900
|
10200
кестенің жалғасы:
|
|
Ата-ананың айына ақы төлеу мөлшері, теңге
|
|||||
|
Шағын орталық
3 жастан
7 жасқа дейінгі балалар
|
|||||
|
9000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.