Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қаңтар 2021 ж.

    Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы

    2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 170-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері және нысандары, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспаларда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электрондық түрде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

    4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

    2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі

    Д. Абаев

    Қазақстан Республикасы

    Ақпарат және коммуникациялар

    министрінің

    2016 жылғы 27 маусымдағы

    № 14 бұйрығымен

    бекітілді

    Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы

    1-тарау. Жалпы ережеле

    1. Осы Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 170-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды (бұдан әрі – Байланысты гранттар) айқындайды.

    2. Байланысты гранттарды пайдалану барысы және нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты ұсынудың мақсаты (бұдан әрі – есептілік және ақпарат) ұсынымдарды жасау үшін техникалық шешімдердің ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.

    3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    2) Байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;

    3) байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;

    4) электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы (бұдан әрі - архитектуралық портал) – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тіркеуге, есепке алуға, сақтауға және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес бір жүйеге келтіруге және ақпараттандыру саласында мониторингілеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе.

    5) донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары.

    2-тарау. Ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік нысандарын ұсыну қағидалары

    4. Айдан кейінгі айдың жиырмасына Байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілеттік немесе атқарушы органдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес байланысты гранттардың пайдаланылу барысы туралы есеп нысаны бойынша уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынады.

    5. Есептілік және ақпарат архитектуралық порталға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 174/НҚ бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19104 тіркелген) талаптарына сәйкес орналастырылады.

    6. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілетті немесе атқарушы органдарынан түскен есептілікті және ақпаратты уәкілетті орган он жұмыс күнінде қарайды.

    7. Уәкілетті орган алынған ақпараттың негізінде нормативтік-техникалық құжаттаманың және жобалық техникалық құжаттаманың Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға және Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

    8. Бағалаудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану бойынша қол жеткізілген нәтижелерді жақсарту, түзету жөнінде ұсынымдар қалыптастырады.

    9. Ұсынымдарды уәкілетті орган есептілікті және ақпаратты ұсынған Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілетті немесе атқарушы органдарға жолдайды, көшірмесі мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға жолданады.

    10. Байланысты гранттарды пайдалану аяқталғаннан кейін, ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізген сәттен бастап он жұмыс күнінде осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес байланысты гранттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп нысанында архитектуралық порталда мәліметті есепке алуды қамтамасыз етеді.

    Есептілікті ұсыну қағидалары мен

    мерзімдерін және нысандарын,

    сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру

    мен дамытуға байланысты

    гранттарды пайдалану барысы мен

    нәтижелері туралы ұсынылатын

    ақпаратқа қойылатын талаптарға

    1-қосымша

    Нысан

    Байланысты гранттарды пайдалану барысы туралы есеп

    Есеп­ті­лік­ті ұсы­ну ке­зе­ңі
    (ай)
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­ла­тын неме­се да­мы­ты­ла­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де ақ­па­рат­тық жүйе шең­бе­рін­де қа­лып­та­сты­ры­ла­тын және пай­да­ла­ны­ла­тын элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Жо­ба­ның то­лық ата­уы
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің то­лық және қы­сқар­ты­л­ған ата­уы
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні құ­ру неме­се да­мы­ту­дың мақ­са­ты
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні құ­ру неме­се да­мы­ту бой­ын­ша жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зім­де­рі (ақ­па­рат­тық жүй­е­ні пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зу жұ­мыста­ры­ның ба­стал­ған және аяқ­та­ла­тын күн­де­рі)
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні құ­ру неме­се да­мы­ту және оны пай­да­ла­ну үшін негіз­де­ме (ти­іс­ті акт)
    Ақ­па­рат­тық жүйе қол­дай­тын функ­ци­я­сы
    Ақ­па­рат­тық жүйе ше­ше­тін негіз­гі мін­дет­те­рі
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің сы­ны­бы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Кестенің жалғасы
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­ла­тын неме­се да­мы­ты­ла­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де ақ­па­рат­тық жүйе шең­бе­рін­де қа­лып­та­сты­ры­ла­тын және пай­да­ла­ны­ла­тын элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Бай­ла­ны­сты грант­тың иге­рі­луі (жұм­сал­ған)
    Ті­ке­лей және түп­кі­лік­ті көр­сет­кіш­тер­ге қол жет­кі­зу мәр­те­бе­сі
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің өза­ра әре­кет­те­суі (ве­дом­ство­ара­лық, ве­дом­ства­лық), өзге де ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­мен ин­те­гра­ци­я­сы
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­де қол­да­ны­ла­тын анық­та­ма­лық­тар тіз­бе­сі (тол­ты­ру көз­де­рі, де­ректер­дің фор­мат­та­ры)
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі де­ректер­ді сәй­кестен­ді­ру­ші­лер тіз­бе­сі, олар­ды қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­сы көр­се­тіл­сін (жал­пы­ға бір­дей VIN, ЖСН, БСН, БСК және т.б.)
    Бір ай­да­ғы
    Ағым­да­ғы жы­л­ғы
    Есеп­тік ай­да­ғы
    Жыл­дың ба­сы­нан
    Тең­ге
    АҚШ долл.
    Тең­ге
    АҚШ долл.
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    Кестенің жалғасы
    Мемлекеттік органның құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйенің шеңберінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер
    Байланысты гранттардың есебінен алынған мемлекеттік органның бағдарламалық қамтылымының, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының құрауыштарын түгендеу тізбесі және сипаттамасы
    Ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі
    Бағдарламалық өнімнің атауы (пайдаланылатын технологиялық платформаның атауы; пайдаланылатын деректер қорының атауы; бағдарламалық өнімнің жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылатын серверлік жабдықтың моделі)
    Сипаттамасы
    Өндірушінің компаниясына сілтеме
    Өнім берушінің компаниясына сілтеме
    Лицензиялау типі
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    Кестенің жалғасы
    Құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйенің техникалық және жобалық құжаттамасын бекіту және (немесе) оған өзгеріс енгізу туралы мәліметтер
    Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу туралы, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу туралы мәліметтер
    Құжаттың атауы
    Бекітілген күні
    Ақпараттандыру объектілерін тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу күні
    Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу қорытындылары
    25
    26
    27
    28

    Есептілікті ұсыну қағидалары мен

    мерзімдерін және нысандарын,

    сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру

    мен дамытуға байланысты

    гранттарды пайдалану барысы мен

    нәтижелері туралы ұсынылатын

    ақпаратқа қойылатын талаптарға

    2-қосымша

    Нысан

    Байланысты гранттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп

    Жобаның толық атауы
    Ақпараттық жүйенің толық және қысқартылған атауы
    Байланысты гранттың игерілуі (жұмсалған)
    Тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу мәртебесі
    Ақпараттық жүйені өндірістік пайдалануға енгізу актісінің, ақпараттық жүйені пайдалануын тоқтату туралы мәліметтері
    Бөлінді
    Игерілді
    Қол жеткізілді
    Қол жеткізілмеді
    Теңге
    АҚШ долл.
    Теңге
    АҚШ долл.
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.