"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 маусым 2016 ж.

    «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және оның қолтаңбасы мен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрмен (мөртабанмен) расталады.

    Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы тиіс, онда жүргізілген залалсыздандыру, импорттаушы елдің осы карантиндік өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер бар болуы тиіс.

    Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.

    Фитосанитариялық сертификатты беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

    1) өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

    2) өтінім иесінің және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

    3) уәкілетті мемлекеттік органның фитосанитариялық сертификат беру үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ фитосанитариялық сараптаудың, зерттеудің немесе тексеріп қараудың теріс қорытындысы;

    4) өтінім иесіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің), сондай-ақ өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылу туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы;

    5) межелі орны бойынша мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды тұлғасына карантинге жатқызылған өнімді бірнеше рет (2 немесе одан да көп) хабарламауы немесе ұсынбауы.»;

    11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Мырзахметов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ақпарат және коммуникациялар министрі

    ____________Д. Абаев

    2016 жылғы 30 маусым

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрі

    ____________Б. Сұлтанов

    2016 жылғы 29 маусым

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    ______________ Қ. Бишімбаев

    2016 жылғы 14 шілде

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрі

    ____________ Қ. Бозымбаев

    2016 жылғы 11 шілде

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

    2016 жылғы 27 маусымдағы

    № 285 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасының

    аумағын карантиндік объектілерден

    және бөтен текті түрлерден

    қорғау жөніндегі қағидаларға

    11-қосымша

    Нысан

    Өсімдіктер карантині бойынша бақылау жүргізу туралы акті

    Мен, ______________________________________ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалардың негізінде карантиндік іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргіздім__________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, ___________________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)). 1. Тексеру барысында анықталды (қандай мерзімде және қандай құжаттар бойынша тексерілгенін және не анықталғанын көрсету қажет)___________________________ ____________________________________________________________________________ 2. Тексеру нәтижесі бойынша қорытынды және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқамасы (орындалуы міндетті іс-шараны, мерзімін, орындауға жауапты адамдарды көрсету қажет) _________________________________ ____________________________________________________________________________ Акт 2 данада жасалды – оның біріншісі заңды немесе жеке тұлға өкіліне беріледі, екіншісі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың тапсырмасын және нұсқамасын орындауды тексергеннен кейін карантиндік инспектордың ісінде қалады, орындалмаған жағдайда хаттама толтырылады. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор________________________ Актінің бірінші данасын алдым Иесі (өкілі)________________________________ Күні ______________ Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор нұсқамасының орындалуын тексеру нәтижесі Тексеру жүргізілді_______________________________________, иесінің (өкілінің) қатысуымен __________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Тексеруде анықталды (тапсырмалардың орындалуы (орындалмауы):_________________ _____________________________________________________________________________ Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор_________________________ _____________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Иесі (өкілі) ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.