«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 тамыз 2016 ж.

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

    16-тармақта:

    орталық аппараттың функцияларында:

    мынадай мазмұндағы 115), 116), 117), 118) және 119) тармақшалармен толықтырылсын:

    «115) автоотын құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту;

    116) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту;

    117) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;

    118) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;

    119) мұнай өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының тізбесін бекіту;»;

    ведомстволардың функцияларында:

    91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «91) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;

    мынадай мазмұндағы 97-1), 97-2), 97-3), 97-4), 97-5), 97-6), 97-7) және 97-8) тармақшалармен толықтырылсын:

    «97-1) автоотын құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;

    97-2) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;

    97-3) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсыну;

    97-4) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;

    97-5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асыру;

    97-6) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;

    97-7) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;

    97-8) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою жөнінде хабарлама нысанын әзірлеу;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.