Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Мойылды учаскесінің «Мукинов» шаруа қожалығының аумағында жылқылардың сақау ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2- тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 166 ұсынысы негізінде Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Мойылды учаскесінің «Мукинов» шаруа қожалығының аумағында жылқылардың сақау ауруы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерназар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
Б. Марзатаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.