Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 131 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2016 ж.

    Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 131 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 131 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 мамырда № 5611 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы № 20 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Т. Даиров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.