«Сарыкөл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» әкімдіктің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 244 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сарыкөл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 244 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-142 тіркелген, 2012 жылы 29 тамызда «Сарыкөл» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Э. Күзенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.