Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарын күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 маусым 2016 ж.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарын күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мына:

    1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9777 тіркелді, 2014 жылғы 29 қазандағы № 163 (2731) «Юридическая газета», 2014 жылғы 29 қазандағы № 163 (2557) «Заң газеті» газеттерінде жарияланған);

    2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 7 шілдедегі № 403 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11843 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;

    2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Министр

    Б. Сұлтанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.