Қызметін Жаңаөзен қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қызметін Жаңаөзен қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Жаңаөзен қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).

    3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрайымы

    Н.Самаликова

    Қалалық мәслихат хатшысы

    С. Мыңбай

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік

    бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

    басшысы

    Ж.Бекова

    07 шілде 2016 жыл

    «Қазақстан Республикасы Қаржы

    министрлігінің Мемлекеттік кірістер

    комитеті Маңғыстау облысы бойынша

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Жаңаөзен қаласы бойынша

    мемлекеттік кірістер басқармасы»

    республикалық мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    Б.Ұлықбанов

    07 шілде 2016 жыл

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының

    2016 жылғы 07 шілдедегі

    № 4/52 шешіміне

    қосымша

    Қызметін Жаңаөзен қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

    р/с №
    Салық салу объектілерінің атауы
    Салық салу бірлігі
    Айлық мөлшерлемесінің мөлшері, (айлық есептік көрсеткіш)
    1
    Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
    әрбір ойын автоматына
    2
    2
    Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
    әрбір ойын автоматына
    2,5
    3
    Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер
    әрбір компьютерге
    2
    4
    Ойын жолы
    әрбір жолға
    12
    5
    Карт
    әрбір картқа
    5
    6
    Бильярд үстелі
    әрбір үстелге
    12

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.