Байсерке ауылдық округіндегі Қоянқұс ауылындағы жаңа көшелерге атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байсерке ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байсерке ауылдық округінің Қоянқұс ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге «Нүркен Әбдіров», екінші жаңа көшеге «Рақымжан Қошқарбаев», үшінші жаңа көшеге «Ануарбек Абимулдаев», төртінші жаңа көшеге «Данаш Жарқынбеков», бесінші жаңа көшеге «Астана», алтыншы жаңа көшеге «Алтай» атаулары берілсін.
2. «Байсерке ауылдық округі әкуімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары Қажиев Асхат Бариевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байсерке ауылдық округінің әкімі
С. Ерекешев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.