«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақтың 15) тармақшасы алып тасталсын;

    көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 15-қосымша алып тасталсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы

    Т. Савельева

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 14 шілдедегі

    № 371 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2014 жылғы 31 желтоқсандағы

    № 604 бұйрығына 13-қосымша

    нысан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.