«Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 маусым 2016 ж.

    «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10845 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларында:

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – государственный орган) биологиялық негіздемелер түрінде ғылыми ұйымдар берген жануарлардың белгілі бір түрлеріне арналған шектеулер мен тыйым салу бойынша ұсыныстардың түсуіне қарай шектеулер мен тыйым салу белгілеу, сондай-ақ оларды түзету қажеттілігін қарайды.».

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Мырзахметов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрі

    ____________ Қ. Бозымбаев

    2016 жылғы «____»________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.