2016 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жүмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 шілде 2016 ж.

    2016 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Жітіқара ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 253 «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-143 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 маусымда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

    Жітіқара ауданының әкімі

    А. Ибраев

    Әкімдіктің

    2016 жылғы 11 шілдедегі

    № 221

    қаулысына қосымша

    Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Жітіқара ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдері

    Өсiмдiк шаруашылығы
    өнiмiнiң түрi
    Егiс жұмыстардың басталуы
    мен аяқталуы
    Дәнді дақылдар
    1
    Жаздық жұмсақ бидай
    2016 жылғы 15 мамырдан бастап
    2 маусымға дейін
    2
    Жаздық қатты бидай
    2016 жылғы 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін
    3
    Арпа
    2016 жылғы 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін
    4
    Сұлы
    2016 жылғы 15 мамырдан бастап
    10 маусымға дейін
    Майлы дақылдар
    1
    Күнбағыс
    2016 жылғы 5 мамырдан бастап 1 маусымға дейін
    2
    Зығыр
    2016 жылғы 12 мамырдан бастап 31 мамырға дейін
    3
    Мақсары
    2016 жылғы 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.