2016 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    2016 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйек № 607 «2015 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4167 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінде 2015 жылғы 28 қарашада 69 (10469) нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б. Байахметов

    Аягөз ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «08» маусымдағы

    № 391 қаулысына қосымша

    2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Ай­ы­на бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы қар­жы­лан­ды­ру мөл­ше­рі, тең­ге
    Тәр­би­е­ле­ну­ші­лер са­ны, адам
    Ай­ы­на бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге жұм­сал­ған шы­ғын­ның ор­та­ша құ­ны, тең­ге
    Ай­ы­на ата-ана­ның ақы тө­леу мөл­ше­рі, тең­ге
    Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар
    Ша­ғын ор­та­лық­тар
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Рес­пуб­ли­ка-лық бюд­жет
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар
    Ша­ғын ор­та­лық­тар
    Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар
    Ша­ғын ор­та­лық­тар
    25463
    18928
    10020
    10020
    1742
    1090
    23157
    10020
    8400

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.