Шиелі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы әкімдігінің төменде көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 13 наурызда №4915 болып тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №21(8271) санында жарияланған) №451 қаулысы;
2) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы «Шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 9 ақпанда №5342 болып тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетінің 2016 жылғы 13 ақпандағы №12(8363) санында жарияланған) №732 қаулысы;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау “Шиелі ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Қ. Сәрсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.