Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында "Айдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу iс-шараларын алып тастау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 шілде 2016 ж.

    Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында «Айдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу iс-шараларын алып тастау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына,  «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасын 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабына 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы 2016 жылғы 18 шілдедегі № 62 ұсынысы негізінде, Димитров ауылдық округінің әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алтынсарин ауданының Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында «Айдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында бруцеллезден сауықтыру бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алып тасталсын. 

    2. «Алтынсарин ауданы Димитров ауылдық округіндегі Воробьев ауылында «Айдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» Димитров ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 1  шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 5 шiлде № 6528 тіркелген, аудандық «Таза Бұлақ-Чистый родник» газетінде 2016 жылы 15 шілде № 32 жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

    Ауылдық округінің әкімі

    Б. Есетаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.