Шиелі ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» №13 шешімінің күшін жою деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 2 наурызда №4892 болып тіркелген, аудандық «Өскен өңір» газетінің 2015 жылғы 4 наурыздағы №17(8267) санында жарияланған) №13 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Қ.Сәрсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.