Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 22 маусым 2016 ж.
«Прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 86 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әділет» ақпарттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қазанда жарияланған «Прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 86 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар заттай нормалары мынадай бөліммен және жолдармен толықтырылсын:
|
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы
|
|||
|
67
|
Қаруларды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды сақтауға арналған үй-жай 1-ші аттестатталған қызметкерге
|
шаршы.м
|
0,2
|
|
68
|
Жедел кезекшіні орналастыруға арналған үй-жай
|
шаршы.м
|
36
|
|
69
|
Криминалистика және тергеу сараптамалары зертханасының оқу сыныбы
|
шаршы.м
|
246
|
|
70
|
ТИР
|
шаршы.м
|
412
|
|
71
|
Дене шынықтыруға арналған үй-жай
|
шаршы.м
|
900
|
|
72
|
Кітапхана
|
шаршы.м
|
400
|
|
73
|
Бір білім алушыға арналған пайдалы оқу алаңы
|
шаршы.м
|
9
|
|
74
|
Құпия грифті құжаттармен және картотекалармен жұмыс істеу және оларды сақтауға арналған үй-жай
|
шаршы.м
|
63
|
|
75
|
Арнайы кітапхана
|
шаршы.м
|
129,6
|
|
76
|
Академия мұражайы
|
шаршы.м
|
26,6
|
|
77
|
Шетел делегациясын қабылдау залы
|
шаршы.м
|
77,6
|
|
78
|
Қызметкерлерді компьютерлік тестілеуден өткізуге арналған кабинеті
|
шаршы.м
|
135
|
|
79
|
Мұрағат
|
шаршы.м
|
15,1
|
|
80
|
Гараж (1 машиналық орны)
|
шаршы.м
|
18
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
|
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Ж. Асанов
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 4 шілде
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.