«Жаңа ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-Фараби көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Жаңа ауыл ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі №21 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2016 ж.

    «Жаңа ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-Фараби көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Жаңа ауыл ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі №21 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-37 бабтарына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңына және Мақтарал аудандық инспекция басшысының №02-03/230 санды хатына сәйкес, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Жаңа ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-Фараби көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Жаңа ауыл ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі №21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3739 тіркелген, 2016 жылғы 05 мамырдағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары К.Жумашевқа жүктелсін.

    Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі

    А.Пошаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.