«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №23 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2146 болып тіркелген, 2014 жылдың 26 маусымында №95 (17952) «Ақ жол» және №68 (17941) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы
Б. Орынбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.