Мәслихаттың 2010 жылғы 30 сәуiрдегi № 306 «Мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшiн төлем төлеу ставкалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 сәуiрдегi № 306 «Мемлекеттiк орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшiн төлем төлеу ставкалары туралы» шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3721 тiркелген, 2010 жылғы 14 шiлдеде «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «ставкалары», «ставкасы» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
С. Ещанов
«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________Ә. Мауқұлов
2016 жылғы «14» шілде
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.