Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2016 ж.

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3798 тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т.Қонысбаеваға жүктелсін.

    Облыс әкімі

    А.Көлгінов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.