Шектеу іс-шараларын алу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 тамыз 2016 ж.

    Шектеу іс- шараларын алу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 8 тамыздағы № ВО 3-4/120 санды ұсынысына сәйкес, Ойыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округіндегі «Береке» шаруа қожалығы аумағындағы ұсақ малдары арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.

    2. Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 135 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4672 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда «Ойыл» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

    Ойыл ауылдық округі әкімінің м. а:

    Т. Сенгалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.