Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2011 жылғы 03 мамырдағы № 99 «Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 23 мамырында № 3-13-152 болып тіркелген, аудандық «Шалқар» газетінде 2011 жылдың 06 маусымында жарияланған);
2) 2013 жылғы 20 ақпандағы № 35 «Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 «Шалқар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 05 наурызында № 3547 болып тіркелген, аудандық «Шалқар» газетінде 2013 жылдың 19 наурызында жарияланған);
3) 2015 жылғы 08 мамырдағы № 131 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 03 маусымында № 4337 болып тіркелген, аудандық «Шежірелі өлке» газетінде 2015 жылдың 12 маусымында жарияланған).
2. Шешімнің көшірмесі Ақтөбе облысының әділет департаментіне жолдансын.
Аудан әкімі
Б. Қаниев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.