Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 - бабының 5 - тармағына, 444 - бабының 1 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 13) - тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Безверхова Н.А.
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.
«Келісілді»
Атбасар ауданының әкімі
А.Н. Никишов
22 маусым 2016 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Ж.Үсембаев
22 маусым 2016 жыл
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.