Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Қызыләскер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында ұсақ қара мал бруцеллезінің анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді
Ауылдық округ әкімі
А. Күмпекеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Лебяжі аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы
Ғ.Сағалов
2016 жылғы «10» наурыз
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.