Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, 444-бабы 1-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы
А. Кабиев
«Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Н. Кушербаев
2016 жылғы «01» шілде
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Н. Ахметкалиев
2016 жылғы «01» шілде
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.