Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 35 «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2016 ж.

    Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 35 «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы әкімдігінің  «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 35 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 2 ақпанда № 3015 тіркелген, 2015 жылы 30 наурызда «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ. Р. Абдраймовқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    А. Баталов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.