"Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi түпкi ұйымдардың стандарттық үлгi туралы бiрыңғай қағидасы" Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 36 күшін жою туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 шілде 2016 ж.

    «Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi түпкi ұйымдардың стандарттық үлгi туралы бiрыңғай қағидасы» Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 36 күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi түпкi ұйымдардың стандарттық үлгi туралы бiрыңғай қағидасы» Қазақстан Республикасы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 36 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 277 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;

    2) осы бұйрықты баспа және электрондық түрде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Ж. Қасымбек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.