Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда №11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналар:

    1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;

    2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) бекітілсін.

    2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А.Көлгінов

    2016 жылғы «22» шілдедегі №223

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    қаулысына 1-қосымша

    Батыс Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

    Басым дақылдардың атауы
    1
    Майлы дақылдар:
    күнбағыс
    майбұршақ
    мақсары
    зығыр
    қыша
    2
    Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
    3
    Біржылдық шөптер
    4
    Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
    5
    Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

    2016 жылғы «22» шілдедегі №223

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    қаулысына 2-қосымша

    Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және 1 тоннаға)

    Басым дақылдардың атауы
    1 гектарға субсидия нормасы, теңге
    1 тоннаға субсидия нормасы, теңге
    1
    Майлы дақылдар:
    күнбағыс
    10 000
    майбұршақ
    10 000
    мақсары
    6 100
    зығыр
    6 900
    қыша
    7 000
    2
    Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары
    2 300 000
    3
    Біржылдық шөптер
    8 000
    4
    Бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
    10 000
    5
    Күнбағыс және сүрлемдік жүгері
    8 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.