"1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалуын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы XXV-сессиясының шешiмiне қосымшаның 2.5 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларының күшiн 2005 жылға дейiн уақытша тоқтата тұру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына және Алматы қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн энергия көздерiнiң тұрақты жұмысын қарастыратын Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынымына сәйкес және "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясының ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, Батыс жылу кешенi мен "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы жұмысының жылыту маусымында газбен толық жабдықталмайтындығын ескере отырып II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. "1999-2015 жылдарға арналған "Таза ауа-Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтырудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 14 мамырдағы ХХV-сессиясының шешiмiне қосымшаның 2.5 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларының күшi 2005 жылға дейiн уақытша тоқтатылсын.
2. "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясы 2005 жылға дейiн ТЭЦ-1 және батыс жылу кешенiнiң жұмысына мына жағдайларды қамтамасыз етсiн:
2.1. Көмiр мен мазут жылу мерзiмiнде ғана отын ретiнде пайдаланылсын;
2.2. Жобалық сападағы көмiр мен мазут пайдаланылсын.
3. "Алматыжылукоммунэнерго" акционерлiк қоғамы осы шешiмiнiң 2.2 тармақшасында көрсетiлген осындай сападағы көмiр мен мазутты пайдаланатын болсын.
4. Алматы қаласының әкiмiне коммуналдық қызметтердi тұрақтандыру мен бағасын төмендетудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдау ұсынылсын.
5. "Алматы Пауэр Консолидэйтед" компаниясы 2001-2002 жылдар бойында әртүрлi отын түрлерiмен жұмыс кезiнде зияндық қалдықтардың нормалық тазалануын қамтамасыз ететiн тазалау құралдарының жобасын және оны жүзеге асыру шараларының жоспарын әзiрлесiн.
6. Алматы қалалық әкiмияты, Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы отынды жағу тәртiбi мен сапасына тұрақты бақылауды қамтамасыз етсiн.
7. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау экология және төтенше жағдайлар мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (В.Е. Бөлекбаев) және Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсiн.
II-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХIII-шi сессиясының төрағасы
Қ. Әбдірахманов
II-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы
Ж. Төрегелдинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.