Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
7-тармақтағы:
"Құдышев Мұрат Тиышбекұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Бахмутова Елена Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Мамандар: Багарова Ж.А., Жұманазарова А.Б.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.