Қостанай облысында қылмыспен күрестің 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы
Қалалар, аудандар әкімияттарының, облыстық құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті нығайту жөнінен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалар және аудандар әкімдеріне, әкімге ведомстволық бағыныштағы облыстық органдар басшыларына Қостанай облысында қылмыспен күрестің 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының тиісті тармақтарының орындалуы үшін жеке жауапкершіліктері болатыны туралы ескертілсін.
2. Облыстың ішкі істер басқармасы (Н.М. Дейхин) 2001 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде қолдағы бар бос лауазымдардың есебінен көші-қон полициясының қызметін нығайту үшін 50 штаттық бірлік бөлсін, темір жол бекетінде, әуежайда және Ресей Федерациясымен шекараның өн бойындағы автомобиль-кеден өткелдерінде көші-қон бақылауының 10 тосынын ашу жөніндегі мәселені шешсін.
3. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі:
1) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қылмыспен күрестің 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына толықтырулар енгізу туралы әкімият қаулысының жобасын әзірлесін;
2) апта сайын облыс әкімінде құқық қорғау және арнаулы органдардың басшыларымен қылмыспен, терроризммен және экстремизммен күрестің бағдарламасын, бөлінген қаржылық қаражатты мақсатты пайдалануға бақылау жасауды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру мәселелері бойынша жедел, кеңестер ұйымдастырсын;
3) 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының ІІМ ведомстводан тыс күзет қызметі үшін өмір сүруді қамтамасыз ететін кәсіпорындарға арналған мөлшерлемелерді төмендету туралы ұсыныстар даярласын.
4. Қостанай облысы бойынша бас кеден басқармасына Е.Н. Байқасов (келісім бойынша), Қостанай облысының ішкі істер басқармасымен (Н.М. Дейхин), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен (А.Қ. Құрманғалиев, келісім бойынша), Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаментімен (Б.К. Әміров, келісім бойынша), "Қостанай" шекаралық бақылау отрядымен (Н.К. Мұздыбаев, келісім бойынша) бірлесе отырып 2002 жылғы 1 қаңтарға дейінғі мерзімде қару - жарақ, есірткі заттарының контрабандасының, шет ел азаматтарының жасырын көші-қоңының жолын кесу, шекаралық және паспорт-визалық бақылауды күшейту жөнінен қосымша ұтқыр топтарды ұйымдастыру мәселесін шешуде ұсыныс жасалсын.
5. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде 2001 жылы облыстық ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына тексеру жүргізуді жүзеге асырсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне жүктелсін.
Облыс әкімі
Ө. Шөкеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.