Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 5 қараша 2001 ж.
Облыстың базарларыңда қызметтердің заңсыздығына жол бермеу және олардың жұмыс істеуін жақсарту жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы
2001 жылғы 3-қыркүйектегі өзінің кезекті жолдауында айтқан Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ облыс базарларындағы заңсыз қызметтердің ізін кесу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстың базарларында қызметтердің заңсыздығына жол бермеу және олардың жүмыс істеуін жақсарту жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.
Облыс Әкімі
А. Мусин
Әкімияттың
2001 жылғы 05 қарашадағы
№ 72 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыс базарларында қызметтердің заңсыздығына жол бермеу және олардың жұмыс істеуін жақсарту жөніндегі шаралардың ЖОСПАРЫ
|
№№
|
ШАРАЛАР
|
ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ
|
ОРЫНДАУҒА ЖАУАПТЫЛАР
|
|
1.
|
Сауда орындарын анықтау үшін облыс базарларының алаңдарына түгендеу жүргізу
|
2001 жылғы қараша
|
Ақтөбе қаласы және аудандардың
әкімдері, облыстың салық
комитеттері (келісім бойынша)
|
|
2.
|
Қолдағы техникалық паспорттарды,
бақылау-кассалық аппарат бойынша
фискалдық есептің алынуын тексеру
|
2001 жылғы қараша
|
Облыстың салық комитеттері (келісім бойынша)
|
|
3.
|
Сатып алушылардың базар ішінде емін-еркін жүруін және қызмет көрсету мәдениетін арттыруды қамтамасыз ете отырып, олардың аумақтарын санитарлық ережелерге
сөйкестендіруді жүргізу мақсатында облыста базарларды көріктендіру жөне
жаңғырту жөніндегі жүмысты
ұйымдастыру
|
2001 жылғы 4 тоқсан
|
Ақтөбе қаласы және аудандардың
әкімдері
|
|
4.
|
Базарларда сауда орындарында ғана
сауда жасауды реттеу, қолма-қол сауда
жасаушылар үшін арнайы орындар бөлу
|
2001 жылғы 4 тоқсан
|
Ақтөбе қаласы және аудандардың
әкімдері, облыстық ІІБ
|
|
5.
|
Базарлардың кездейсоқ ұйымдастырылуына жол бермеу
|
Тұрақты
|
Ақтөбе қаласы және аудандардың
әкімдері, облыстық ІІБ
|
|
6.
|
Азық-түлік тауарларын, ет, сүт өнімдерін, азық-түліктік емес тауарларды және т. б. өткізуге арналған
сауда аймақтарын шектеу арқылы сауда орындарының санын көрсете
отырып, базарларды паспорттауды жүргізу
|
2001 жылғы 4-тоқсан
|
Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдері, облыстық СЭС
Облыстың салық комитеттері
(келісім бойынша)
|
|
7.
|
Банк алымдары сомасының дер кезінде аударылуын тексеру
|
Тұрақты
|
Облыстың салық комитеттері
(келісім бойынша)
|
|
8.
|
Базарлардың саудагерлермен толығуы,
Банкке базарлар әкімшіліктерінің
төлейтін күнбе-күндік алым
сомасының, бір мәртелік талондар санының сәйкестігі,
«Этиль спирті және алкогольдік
өнімдер айналымының өндірісін
мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16-шілдедегі Заңының сақталуы бойынша
рейдтік тексеру жүргізу
|
Тұрақты
|
Ақтөбе қаласы және аудандардың
әкімдері, облыстық ІІБ
Облыстың салық комитеттері,
қаржы полициясы департаменті
(келісім бойынша)
|
|
9.
|
Базарларда сауда ережелерін реттеуші
заң талаптарын сақтау бойынша
рейдтік тексерулер жүргізу
|
Тұрақты
|
Қаржы полициясы департаменті
(келісім бойынша)
|
|
10.
|
Базарлардың санитарлық-
эпидемиологиялық жай-күйіне рейдтік
тексерулер жүргізу
|
Тұрақты
|
Облыстық СЭС
|
|
11.
|
Базарларда заңсыз қызметтермен
айналысушы, сондай-ақ қылмыстық
табыстарды ашық жүргізуге қатысушы
түлғаларға және қылмыстьж, топтарға
қарсы алынатын шараларды қатандату
|
Тұрақты
|
Облыстық ІІБ, қаржы
полициясының департаменті
(келісім бойынша)
|
|
12.
|
Базарлардың аумақтарында жөне басқа жерлерде валюталарды сатып алып
қайтара сатумен айналысушы
тұлғалардың қызметін тоқтату
|
Тұрақты
|
Облыстық ІІБ, қаржы полициясының департаменті
(келісім бойынша)
|
|
13.
|
Бұқаралық ақпарат құралдарында
жүргізіліп отырған шараларды қеңірек
көрсету
|
Тұрақты
|
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
|
|
14.
|
Азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларға кедендік бақьлауды күшейту. Тауарлардың жасырын
әкелінуіне жол бермеу
|
Тұрақты
|
Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасы (келісім бойынша)
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.