Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 20 қараша 2001 ж.
Облыс әкімінің 2001 жылғы 2 қазандағы № 209 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Облыстық әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы М. А. Жылқышиевтің жұмысқа ауысуына байланысты, облыс әкімінің 2001 жылғы 2 қазандағы "Комиссия құру туралы" № 209 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамынан М.А. Жылқышиев шығарылсын.
2. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамына облыстық аурухана гастроэнтерологиялық бөлімшесінің дәрігері, облыстық әскери дәрігерлік комиссия төрағасының орынбасары С.Н. Досанов енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ. Мыңбайға жүктелсін.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Б. Сапарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.