2001 жылға арналған жергілікті бюджетте өкілді шығыстарға қаралған қаражатты пайдалану Ережелері мен өкілдік шығыстар нормаларын бекіту туралы
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 қаңтардағы №96-ІІ «2001жылға арналған облыстық бюджет туралы» екінші шақырылған кезектен тыс ІХ сессияның шешімін және Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы №399 «2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстар нормаларын бекіту туралы» ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырғандар бекітілсін:
1) Жергілікті бюджетте 2001 жылға арналған өкілдік шығыстарға қаралған қаражатты пайдалану Ережелері;
2) өкілдік шығыстар нормалары;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсін.
Облыс әкімі
С.Дәукеев
Облыс әкімінің 17 қазандағы
№46 қаулысымен бекітілген
2001 жылға арналған жергілікті бюджетте өкілдік шығыстарға қаралған қаражатты пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер 2001 жылға арналған жергілікті бюджетте өкілдік шығыстарға қаралған қаржының пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Өкілдік шығыстар дегеніміз тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджетте және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, семинар-мәжілістерді, салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге, сонымен бірге ресми делегациялардың өкілдік мақсаттарына қаралатын қаражат.
Өкілдік шығыстарға мыналар жатады:
1) келуші тараптардың тұрғын-жайын төлеу, егер ол жөнінде тиісті келісімдермен тиянақталған, келісілген болса;
2) ресми түскі ас, кешкі ас, кафе-брейктер, фуршеттер;
3) саздық сүйемелдеу;
4) каде сыйлар, ескерткіш сыйлықтар;
5) автокөлікпен қызмет көрсету;
6) аудармашылар қызметінің төлемі;
7) залды жалдау;
8) облыс әкімі рұхсат еткен басқа шығыстар;
2. Өкілдік шығыстарға бөлінетін жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тәртібі
3. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу облыс әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы жергілікті бағдарламалар әкімнерлерінің өтініштері мына жағдайларда қаралады:
1) іс-шараларды өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
2) ресми делегациялардың болу бағдарламасы;
3) іс-шараларды дайындау мен өткізудің жұмыс жоспары;
4) келетін қатысушылар саны;
5) әрбір шығыстар бабының негізделген шығындар сметасы;
6) шығыстар сметасы жөніндегі облыстық қаржы басқармасының қорытындысы;
5. Осы ереженің екінші тармағының 3,4,7-тармақшаларында көрсетілген өкілдік шығыстар бойынша жергілікті бағдарламалар әкімнерлері калькуляция және қызмет ұсынатын ұйымның деректемелері көрсетілген куәландырылған құжаттар тапсырылады;
6. Облыстық қаржы басқармасы облыс әкімінің шешімі негізінде белгіленген тәртіпте жергілікті бюджеттің тізімдемесіне өзгерістер енгізеді.
Өкілдік шығыстарды Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанда жергілікті бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімгерінің 61 «Өкілдік шығыстар» бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындауларды азайтып, 23 «Өкілдік шығыстарға» бөлінген қаражат есебінен шаралар өткізу бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындауды ұлғайтады.
3. Есеп беру мен бақылау
7. Атырау облысы бойынша қаржы бақылау комитеті басқармасы өкілдік шығыстарға бөлінетін қаржының жұмысына бақылауды жүзеге асырады.
8. Жергілікті бағдарламалар әкімгерлері мен өкілдік шығыстарға қаражат ауған адамдар шаралар өткізгеннен кейінгі 5күн ішінде бөлінген қаражатты пайдаланғаны туралы бірінші басшының (оны алмастырушы адамның) қолы мен, мыналар енгізілген есеп беруі керек:
1) өткізілген іс-шараға қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;
2) осы ереженің екінші тармағының 8-тармақшасына сәйкес өзге де шығыстар жөніндегі облыс әкімінің шешімі;
3) құны және сатып алынған тауарлар жұмыстарымен көрсетілген қызметтер көлемі көрсетілген, тауарды, жұмысты және көрсетілген қызметтерді сатқан ұйымның мөрі мен куәландырылған растаушы құжаттар;
4) осы ереженің екінші тармағының 1-тармақшасында айтылған жағдайларда келісім шарттың куәландырылған көшірмелері;
9. Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану үшін жауапкершілігі қаражатты алушыға жүктеледі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.