Облыстың құқық қорғау органдары қылмыс пен сыбайлас жемқорлықа қарсы қолданып жатқан іс-шаралар туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Облыстың құқық қорғау органдары қылмыс пен сыбайлас жемқорлықа қарсы қолданып жатқан іс-шаралар туралы

    Облыстың құқық қорғау органдарының 2000 жылғы жұмысының нәтижесін қарап шығып, облыс әкімінің жанындағы алқа мәжілісі құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысының бүгінгі жағдайы мен Ел басының 2000 жылғы сәуір айында құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлерінің республикалық кеңесінде қойған нақты талаптары құқық қорғау органдарының жұмысына сын баға беру мен орын алған кемшіліктерді жоюға алғы шарт болғанын атап өтті.

    Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері облыс құқық қорғау органдарының активінде қаралды, соның нәтижесі бойынша қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

    Соған қарамастан, облыс аумағындағы криминогендік жағдайдың сараптамасы өткен жылы қылмыс саны 12,4% өскенін көрсетті, оның ішінде ауыр қылмыс 5,4, криминалдық полиция жүйесі бойынша 8, сұғанақтық пен бұзақылық бойынша 12% өсті. Экономикалық қылмыстар 32% өсті, соның ішінде парақорлық 144, контрабанда 133% өсті. Қылмыстың барлық түрлері бойынша ашылу пайызы төмен деңгейде сақталып отыр.

    Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, мал ұрлығы мен күрес мәселесі ушығып тұр. Өткен жылы 87 адамға қатысты 83 сыбайлас жемқорлық қылмыс ашылды. Соның жартысы ғана сотқа дейін жетті, ал салық полициясы сотқа тапсырған істер толық тоқтатылды, соның ішінде 14-і рақымшылық негізде.

    Әлі күнге дейін көптеген сыбайластық қылмыстарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасауда.

    Өткен жылы азаматтардың өз құқықтарын қорғап сотқа жүгінуі 5% кеміді, азаматтық-құқықтық істер дұрыс қаралмады, аудандық және қалалық соттардың қателіктер жіберулері тыйылмай келеді. Қылмыстық істерді тергеуде созбайлық әлі де орын алып отыр. Кассациациялық тәртіппен аудандық соттардың 94 адамға шығарған үкімдері жойылды, бақылау тәртібімен аудандық және қалалық соттардың 490 үкімдері жойылды, азаматтарды заңсыз жауапқа тарту сияқты адам құқығын бұзу фактілері орын алған. Облыстың кейбір құқық қорғау органдарында кадрлар көп ауыстырылады.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып облыс әкімі шешім қабылдайды:

    1. 2001-2002 жылдарға арналған қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бағдарлама дайындалсын (мемлекеттік-құқықтық бөлім).

    2. Есірткі мен құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы күрес жөніндегі аумақтық бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік-құқықтық бөлім).

    3. Құқық қорғау органдарының басшылары уақыт талабын ескере отырып өз қарамағындағы қызметкерлердің тәртібін күшейтсін. Жоғары лауазымды қызметке ұсыну үшін, ұсынылатын адамның барлық іскерлік және адамгершілік қасиеттері мұқият тексерілуін қамтамасыз етсін. Тергеу мен алдын ала жүргізілетін әкімшілік тексеру бөлімдерінде кадрларды таңдау мен тағайындау жұмысына сараптама жасасын. Осы қызметтерді білікті, жұмыс тәжірибесі бар мамандармен күшейтуді қамтамасыз етсін.

    4. Аудандар мен қалалардың әкімдері:

    - аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдеріне полиция қызметкерлерін жабдықтауға, материалдық базаларын нығайтуға және жұмыс жүргізуге жағдай жасауға көмек көрсетсін;

    - полицияның учаскелік инспекторларын штат кестесіне сәйкес тәртіпке келтірсін, оларды қызмет ететін учаскелерден пәтермен, қызмет орнымен, автокөлікпен қамтамасыз етсін;

    - заң бұзылуы мен қылмыстың алдын алу мақсаттарында қоғамдық құрылымдардың жұмыстарын қайта жандандырсын, халық жасақшылары, Ақсақалдар алқасы, студенттер кеңесі, маскүнемдікке қарсы күрес жөніндегі комиссия, жолдастық сот;

    - мал ұрлығын болдырмау үшін елді-мекен тұрғындарының күшімен түнгі күзеттер ұйымдастырсын, малдың иесін анықтайтын бірыңғай анықтама үлгісін белгілесін, мал дәрігерлік қызметін көрсетушілер мал мен оның еті тексерілгені туралы куәлік беріп отыруын бақылауды қамтамасыз етсін;

    - бостандығынан айыру орындарынан шығарылған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар дайындасын.

    5. Облыстық мәслихаттың сессиясына Көкшетау қалалық ІІБ-ның құрылымында атты әскер бөлімін ұстауға және облыстың ІІБ-ның базасында қызметтік ит өсіру питомнигін құруға қосымша қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізілсін.

    6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    С.Кулагин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.