Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, протездiк-ортопедикалық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының, сондай-ақ оларды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк- ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы";
кiрiспеде:
"Заңының 57 және 71" деген сөздер "Кодексiнiң 232 және 234" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Заңының" деген сөзден кейiн "(Салық кодексi)" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi бекiтiлсiн";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының, сондай-ақ оларды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың тiзбесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның iшiнде дәрілік субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесi";
1-бағанның жолындағы "3204 13 000 (*,**)" коды "-ден" деген жалғаумен толықтырылсын;
2-бағанның жолындағы "3204 13 000 (*,**)" коды "фармацевтика" деген сөзден кейiн "және медицина" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бағанның жолындағы "39 (*,**) тобынан" коды "фармацевтика" деген сөзден кейiн "және медицина" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бағанның жолындағы "3909 50 000 (*)" коды "өндiрiсi кезiнде" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ оптикалық линзаларды жылтырату үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
1-бағанда: "4014 90 (*,**)" тауар кодынан кейiнгi жол "-нан" деген жалғаумен толықтырылсын;
"9003" коды мынадай редакцияда жазылсын: "9003-тен (9003 19 100-ден басқа)" "9018" тауар коды мынадай редакцияда жазылсын: "9018-ден (901820 00-ден басқа)";
2-бағанның жолындағы "9018" коды "аспаптар" деген сөзден кейін "(солярийлерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "2851 00 100 (*,**) медициналық мақсаттар үшiн пайдаланылатын -ден:
дистилденген және кондуктометриялық су мен тазалығы осындай су
__________________________________________________________________________
3301 (*,**)-ден: фармацевтика өнiмдерiн өндiру кезiнде пайдаланылатын эфир майлары;
3307 90 000 (*) контактiлi линзаны немесе көз протездерiн -ден: сақтауға арналған ерiтiндiлер
__________________________________________________________________________
3503 00 100 (*,**) медициналық мақсатта пайдаланылатын желімтек -ден: және оның туындылары;
3503 00 800 (*,**) дәрілік заттарды дайындау үшiн пайдаланылатын -ден: қатты желiмтек қабықтар;
3506 91 000 (*,**) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау -ден: үшiн пайдаланылатын каучук негiзiнде жасалған балқытылған желiм;
3507 (*,**)-ден: медицинада пайдаланылатын, басқа жерде аты аталмаған ферменттер (энзимдер), ферменттiк препараттар __________________________________________________________________________
3807 00 (*,**)-ден: фармацевтика өнiмiн өндiру кезiнде пайдаланылатын қара май
__________________________________________________________________________
3920 (*,**)-ден: фармацевтика және медицина өнеркәсiбiнде пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған бұйымдар;
3926 90 990 (*,**) медициналық мақсаттар үшiн пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған бұйымдар (көзге сұйық тамызатын пипеткалар, спринцовкалар, жылытқылар, сүтсорғыштар, балалардың тiсiн қатайтуға арналған сақиналар мен Эсмарх саптыаяғы)
__________________________________________________________________________
4014 90 900 (*,**) медициналық мақсаттар үшiн пайдаланылатын -ден: резеңке жылытқыштар мен резеңке спринцовкалар __________________________________________________________________________
4803 00 900 (*,**) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау үшін -ден:
пайдаланылатын целлюлозалық талшықтан жасалған 36 см-ден астам орамдағы мата
__________________________________________________________________________
4811 39 000 (*,**) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау үшiн -ден:
пайдаланылатын жоғары молекулярлық полимер сiңiрiлген ауа өткiзгiш қағаз;
4823 90 (*,**) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау үшiн -нан:
пайдаланылатын енi 15 см-ден кем орамдағы жабынды қағаз
__________________________________________________________________________
5603 (*,**)-тен: медицина өнеркәсiбiнде пайдаланылатын химиялық талшықтардан жасалған тоқыма емес материал;
5603 11 900 (*,**) медициналық мақсатта пайдаланылатын тығыздығы -ден: 17-25 тоқыма емес материал;
5603 12 900 (*,**) медициналық мақсатта пайдаланылатын тығыздығы -ден: 25-70 тоқыма емес материал __________________________________________________________________________
7001 00 910 (*,**) фармацевтика өнiмiн дайындау кезiнде қолданылатын -нан: оптикалық шыны;
7010 (*,**)-нан: дәрiлiк заттарды өндiру және антибиотиктердi стерилдi салу кезiнде пайдаланылатын сауыттар;
7010 20 000 (*,**) дәрiлiк заттарды өндiру және антибиотиктердi -ден:
стерилдi салу кезiнде пайдаланылатын тығындар, қақпақтар мен басқа да осындай бұйымдар
__________________________________________________________________________
8001 20 000 (*,**) линзаларды бекiтуге арналған жеңiл қорытылған -ден: металл (Вуда қорытпасы)"
__________________________________________________________________________
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.