Облыста көмірді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Облыста көмірді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы

    Бюджеттiк мекемелердiң қажеттiлiктерi, жеңiлдiктердi пайдаланатын жекелеген азаматтарды қамтамасыз ету үшiн отын сатып алудың шығындарын кемiту, бюджеттiк қаржылар мен бюджеттен тыс қорларды тиiмдi жұмсау мақсаттарында, осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Заңның, 1998 жылғы 25 ақпандағы № 141 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:

    1. 1998-1999 жылдардағы жылыту кезеңiне мемлекеттiк мекемелер үшiн /денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет және спорт, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес жеңiлдiктердi пайдаланатын азаматтар санаттарына/ мемлекеттiк отын сатып алу өткiзiлсiн.

    2. 1 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттiк тұтынушылары үшiн мемлекеттiк отын /көмiр/ сатып алу жөнiндегi конкурс /тендер/ ұйымдастырудың және өткiзудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.

    3. 2 қосымшаға сәйкес конкурстық /тендерлiк/ комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

    4. Орындауға бақылау жасау тендерлiк комиссия төрағасы, облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсiн.

    Облыс әкiмi

    Д.Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.