Жеке тұлғалардан жергілікті бюджетке мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары үшін салық жөніндегі алымдар мен түсімдерді жинауды ретке келтіру жөнінде

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жеке тұлғалардан жергілікті бюджетке мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары үшін салық жөніндегі алымдар мен түсімдерді жинауды ретке келтіру жөніндегі

    Қазқстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 24 сәүірдегі «Салық және де басқа міндетті бюджеттік төлемдер туралы» № 2235 Жарлығын және «1998 жылғы республикалық бюджет тұралы» Заңды орындау үшін және жеке тұлғалардан салық есептеу, оларды жинау мен есебін жүргізу жүйесін тәртіпке келтіру, оларды жергілікті бюджетке дер уақытында және толықтай түсіру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:

    1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі Солтүстік Қазақстан Орталығына /Жанжұманов А. Е. / қалалар мен аудан әкімдеріне азаматтардың жеке пайдаланымдарындағы жылжымайтын мүліктерге толықтай түгендеу және оларды бағалау жөніндегі жұмысты аяқтау 1998 жылдың 1 сәуіріне дейін тәмамдалсын және аталмыш мәліметтер облыстың салық органдарына берілсін.

    Бұл жұмысқа Солтүстік Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы /Кукушкин Н.Ф./

    2. Талдау жөніндегі басқарма /Букин Ж.К./ салықтар мен төлемдерді есептеу үшін салық органдарына қажетті барлық мәліметтерді берсін.

    3. Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеушілерді толықтай және дер уақытында есепке алу үшін жол полициясы басқармасы /Райтенбах Е.Б./ заңды және жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарының саны сүлесі шығарулы жылы тұралы деректер базасын анықтасын және көлік құралдарының иелерін салық есебіне қою үшін салық комитетіне мәліметтер берсін. Техникалық байқаудан өткізу, тіркеу және көлік құралдарын қайтадан тіркеу барысында көлік құралдарына салықтын төленуіне бақылау жүргізілсін.

    4. Енбек және халықтық әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент /Шнитко И.Е./, әскери комиссар /аудандық, қалалық/ Қуатов Н.М./ салық төлеушілердің түрлі санаттарына жеңілдіктер беру үшін қажетті мәліметтерді берсін.

    5. Меммүлік және жекешелендіру жөніндегі комитет /Султанов В.Х./ мүліктер мен мүліктік пайдаларды, ауыл шаруашылық кәсіп орындарын қайтадан үйымдастыру барысында азаматтарға жеке меншік қуқында берілген мүліктер мен мүліктік пайлар жөнінде салық органдарына, толықтай есепке алу мақсатында, мәліметтер берсін.

    6. Құрылыс, тұрғын үй, сәулет департаменті /Дворников Ю.Я./ мүлікке салық төлеушілерді есепке алу үшін азаматтардың кәсіпкерлік қызметтерде пайдаланатын мүліктері жөнінде салық органдарына мәліметтер берсін.

    7. Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет /Оразалин А.М./ қалалардың қала типті поселкалардың, селолық округтердің әкімдері облыс жеріне түгендеу жүргізсін және оны бағаласын, аталмыш мәліметтерді ағымдағы жылдың 1 сәүіріне дейін салық органына берсін.

    8. Қалалар мен аудан әкімдері «Салықтар салу үшін жеке тұлғалардың мүліктерін бағалау жөніндегі келісім-шарттарға сәйкес жылжымайтын мүлікті бағалау және түгендеу жөніндегі шығындарды өтеуді жергілікті бюджетке түсетін қаржы есебінен жасасын.

    9. Жергілікті бюджетке қаржының дер уақытында және толықтай түсүін қамтамасыз ету мақсатында және түрғындарды жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын орындау мақсатында азаматтардың тұрғындарға төлемдер мен жергілікті салық жинау хабарламасын тапсыру жөніндегі штаттан тыс агент ретінде қоғамдық жұмыстарға тартсын. Оған қабылдау жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмыссыздар қатарынан іске асырылсын. Оларға енбек ақы 1997 жылғы 18 сәуірдегі «Жұмыспен қамтуға мемлекеттік жәрдем қорын қаржыландыру тәртібі тұралы Ережеге», № 218, сәйкес жасалсын.

    10. Салықтарды жинау тәртібінен әдістемесін және олардың жергілікті бюджетке түсүін қамтамасыз етуді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті /Молдашев А.Т./ айқындасын.

    11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық экономика басқармасына /Бәшеев А.Ш./ жүктелсін.

    Облыс әкімі

    Д. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.